$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.01.2021, 14:32
Оқиғалар

Қызылорда облысында 5 адамның өмірін қиған жол апатына қатысты комиссия құрылды

Апат салдарынан 5 адам қаза тауып, 6 адам түрлі жарақат алды

Қызылорда облысында 5 адамның өмірін қиған жол апатына қатысты комиссия құрылды
фото: polisia.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қызылорда-Құмкөл тас жолында болған - 5 адам қаза тапқан жол апатының мән-жайын тексеру үшін арнайы комиссия құрды.

13 қаңтар күні сағат 14:30 шамасында Қызылорда-Құмкөл тас жолының 69 шақырымында «СНПС-Айдан Мұнай» АҚ-ға тиесілі «Mersedes-Benz sprinter» автокөлігі мен «СПМК» ЖШС-ға тиесілі «Toyota Hilux» автокөлігі соқтығысып, нәтижесінде оқиға орнында «СНПС-Айдан Мұнай» компаниясының 1 жұмысшысы және «СПМК» ЖШС-ның 2 жұмысшысы қаза тапты.

Жедел жәрдем қызметі жол апатынан зардап шеккен 8 адамды қалалық ауруханаға жеткізді. Ауруханаға барар жолда «СНПС-Айдан Мұнай» АҚ-ның тағы 1 жұмысшысы қайтыс болды. Сондай-ақ «СПМК» ЖШС-ның тағы 1 жұмысшысы ауруханада қайтыс болды. «Бастау-S» ЖШС-нің 1 жұмысшысы реанимация бөлімшесіне жатқызылды, «СНПС-Айдан Мұнай» АҚ-ның 1 жұмыскері амбулаториялық ем алу үшін үйіне жіберілді, қалған 4 жұмыскер ауруханаға жатқызылды.

ЖКО салдарынан 5 адам қаза тауып, 6 адам түрлі жарақат алды. Осы оқиғаның мән-жайы мен себебін анықтау үшін Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының өкімімен Қызылорда облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төреахмет Жолымбетовтың төрағалығымен арнайы комиссия құрылды.

Серіктес жаңалықтары