ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1430 адамнан коронавирус анықталды

Қарағандыда мемлекетке жарты миллиард теңгеден астам залал келтірген қылмыстық топ ұсталды

Қылмыстық топ 537 млн теңгеге жалған шот-фактура жасаған

Қаржы мониторингі комитеті Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-тергеу барысында 2017-2020 жылдар аралығында Қарағанды қаласының аумағында жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты әшкерелеген. Комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұйымдасқан қылмыстық топ мемлекетке 537 млн теңге залал келтірген.

Тергеу барысында 7 адамнан тұратын қылмыстық топ, сонымен қатар бақылаудағы заңды тұлғалардың басшылары ретінде тіркелген адамдар үй-жайларды іздеу және жалға алуды (тіркеу үшін), сондай-ақ контрагент-сатып алушыларды іздестіруді, екінші деңгейлі банктерде ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруды және тағы басқасын жүзеге асырған.

Тергеу барысында бақылаудағы кәсіпорындардың жалпы сомасы 121,3 млн теңге ақша қаражатына тыйым салынды. 2020 жылдың 27 желтоқсанында қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, бекітілген айыптау актісімен сотқа жолданды.