$ 518.21  590.09  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.01.2021, 11:37
Оқиғалар

«АрселорМиттал Теміртау» шахтасында тағы апат: жер астына түскен бір жұмысшы табылмай жатыр

Қалған жұмысшының бәрі жер бетіне шығарылған

«АрселорМиттал Теміртау» шахтасында тағы апат: жер астына түскен бір жұмысшы табылмай жатыр
Фото ашық дереккөзден

13 қаңтар күні түнгі ондар шамасында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Ленин атындағы» шахтасында барлау ұңғымасын бұрғылау кезінде метан газы мен көмірдің ұсақ фракциялары бөлінген. Апат 840 метр тереңдікте болған.

Бұл күні үш жұмысшы, атап айтқанда бұрғылау қондырғысының машинисі, машинистің көмекшісі, сондай-ақ желдету және қауіпсіздік техникасы учаскесінің тау-кен шебері ұңғыма түбінде барлау жұмыстарын жүргізіп жатқан. Апат болғанда тау-кен шебері мен машинистің көмекшісі оқиға орнынан дереу кетіп қалған. Ал, машинист ұңғыма түбінен шыға алмады.

Апат кезінде шахтада үшінші ауысымның 137 қызметкері болған. Олардың 136-сы жер бетіне шығарылды.

«Кәсіпорынның авариялық-құтқару қызметі келгеннен кейін дереу шахтаға түсті. Сағат 23.00-де аэрогазды бақылау аппаратурасының көрсеткіштеріне сәйкес, шахтаның тау-кен қазбаларындағы газ жағдайы қалыпқа келді. Авариялық-құтқару қызметінің бөлімшесі ұңғыма түбіндегі тау-кен массасын тазалауда. Зардап шеккен бір адамды іздестіру жұмыстары жалғастырылуда. Іздестіру жұмыстарына шахтаның 17 қызметкері мен авариялық-құтқару қызметінің екі бөлімшесі (16 адам) жұмылдырылды», - делінген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан хабарламада.

Аталған апатты тексеру үшін ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің жанында комиссия құрылды.

Серіктес жаңалықтары