ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 999 адамнан коронавирус анықталды

Қарағанды облысының автожолдарында 9 адам құтқарылды

Құтқарушылар 2020 жылы туған сәбиді Теміртау қаласының ауруханасына жеткізді

Ауа райының нашарлауына байланысты 12 қаңтар күні Қарағанды облысында барлық бағыттар бойынша барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылды. Елдімекендерден тыс жерлерге шыққан адамдар қауіпті жағдайға тап болды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құтқару операциялары Абай, Бұқар жырау және Осакаров аудандарының автожолдарында жүргізілді. ТЖД бөлімшелері қар құрсауында қалған автокөліктерден 9 адамды құтқарып, эвакуациялады.

«Сонымен қатар, автокөліктердің жүруінің қиындығына және ауруханаға жатқызу қажеттілігіне байланысты Бұқар жырау ауданы Баймырза ауылының құтқарушыларының күшімен 2020 жылы туған бала Теміртау қаласының ауруханасына жеткізілді», - делінген хабарламада.

Қарағанды облысы ТЖ департаменті облыс аумағында дауылды ескерту жарияланғанын еске салады!

Елдімекендерден тыс жерлерге және алыс қашықтықтарға, әсіресе түнде және ауа райы нашарлаған кезде, әсіресе жас балалармен жаяу жүруден бас тартуға кеңес береміз. Ауа-райының өзгеруіне сәйкес киініңіз.

Жүргізушілерге автожолдардағы қозғалысты жабу немесе шектеу туралы ақпаратты қадағалауға кеңес беріледі.

Қозғалыс жабылған кезде көлік құралдарының автожолдарда жиналмауын, мүмкіндігінше елдімекендерде, кемпингтерде немесе жол бойындағы кафелерде болуын сұраймыз.

Ауа райының өзгеруі және автожолдардың жағдайы туралы жедел ақпаратты «Darmen» мобильдік қосымшасынан, ТЖД ресми сайтынан оқи аласыз.