ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1430 адамнан коронавирус анықталды

Жамбыл облысында 600 қойымен бірге жоғалып кеткен қойшы табылды

Шопан кенеттен жауған қалың қар мен тұманның салдарынан адасып кеткен

 

Жамбылдық полицейлер қар құрсауынан отарында 600 қойы бар қойшыны құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

12 қаңтар күні сағат 22:30-да Талас ауданының полиция бөліміне Үшарал ауылының маңындағы жайылымнан 600 бас ұсақ қара мал айдаған 25 жастағы қойшының отары жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келген полицейлер шопанның таңғы сағат 6.00-де қой табынын жайылымға шығарып, белгіленген уақытта қайтып оралмағанын анықтады.

«Полиция қызметкерлері 6 автокөлікпен шопанды іздеуге шұғыл аттанды және жайылымнан 45 шақырым жерде оны отарымен бірге тапты.

Қойшы кенеттен жауған қалың қар мен тұманның салдарынан адасып, мал қораға жете алмағанын айтты», - делінген хабарламада.

Полицейлер малды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ қысқы кезеңде мал қорадан алыс жерлерге отарды жаюға жібермеуге шақырады.