ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 1 480 адам коронавирус жұқтырды

Талдықорғанда сөндірушілер өртеніп жатқан үйден кішкентай екі баланы алып шықты

Олар түтінге уланып қалған

Талдықорғанның «Мүшелтой» шағынауданында көпқабатты үй өртеніп, төрт адам түтінге уланып ауруханаға түсті. Олардың қатарында 5 және 1 жастан енді асқан кішкентай екі бала бар деп хабарлайды Алматы облысы ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Оқиға 14 қаңтарда сағат 11 жарым шамасында болған. ТЖД күшімен 15 адам, оның ішінде 8 бала баспалдақ арқылы далаға шығарылса, 35 адам өз бетінше эвакуацияланды. Алайда, 4 адам: 1981 және 1984 жылғы ересектер мен 2015 және 2019 жылы туған кішкентай екі бала түтінге уланып, ауруханаға жеткізілді. Олар Талдықорған қаласындағы облыстық және көпсалалы балалар ауруханаларына жатқызылды. Жағдайлары орташа ауыр.

«15 ш.м. аумаққа жайылған өрт сағат 11.48-де сөндірілді. Негізінен жиһаз, теледидар және жеке заттар жанып кеткен. Өрт сөндіру және адамдарды құтқаруға Алматы облысы ТЖД-нің 27 қызметкері мен 7 техникасы, Алматы облысы ПД-нің 10 қызметкері мен 4 техникасы, қаланың авариялық және шұғыл қызметтерлері жұмылдырылды», - делінген ТЖД таратқан хабарламада.

Өрттің шығу себебі темекі шегу кезінде отты абайсыз қолданудан болды деген болжам бар.