ШұғылҚазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 170 мыңға жуықтады

Елордада екпеден соң қайтыс болған әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Марқұмның ата-анасы медбикелерді кінәлайды

фото: 24.kz

Бір апта бұрын Нұр-Сұлтан қаласындағы травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында Раушан Сауытова есімді азаматша қайтыс болған еді. Марқұмның жақындары оның өліміне осы орталық қызметкерлерін кінәлі деп есептейді. Айтуынша, институт мамандары қызметіне немқұрайлы қараған. Қойылған белгісіз екпеден кейін Раушан анафилактикалық шок алып, комаға түскен. Бұл туралы 24.kz хабарлайды. 

Туыстары медициналық білімі бар қыздың (марқұм – ред.) көтере алмайтын препарат қабылдауға келісім бергеніне сенбейді. Оның үстіне өлім туралы куәлікте азаматшаның нақты неден көз жұмғаны көрсетілмеген. Раушанның анасы мен жеңгесі медицина саласында еңбек етіп жүрген мамандар. Олар: «Институт қызметкерлері қызымызды аллергияға тексерген жоқ. Әрі оған қателесіп басқа екпе салып жіберді», - деген пікір айтады. Қазір бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

«Сағат 8-де сөйлесіп жатқан жерінен біреу шақырып алады, уколға деп. Сол уколға кеткеннен сегіз жарымға дейін звондап ала алмадық. Сол кезде менің қызым процедурныйдан шығып бара жатып, дәлізде құлаған екен. Медбике сол уақытта қайда болды? Сөздері әртүрлі, бірі «укол істедік» дейді, біреуі «проба істедік» дейді. Ал қызым: «Мама маған тринтал деген капельница істеді. Және цефтриакцион қойды. Менің кішкене денем ауырып тұр», - деді. Мен медбикелер басқа укол қойды деп ойлаймын», - дейді марқұмның анасы Көгершін Сауытова.