Тарихта екінші рет: Алматыда 1,1 тонна героин тәркіленді
Есірткі қылмысына қатысты бар бірнеше елдің азаматы ұсталды
Алматы қаласында жалпы салмағы 1,1 тоннадан асатын героиннің аса ірі партиясы тәркіленді. Есірткіні Комитет қызметкерлері Германияның қылмыстық кеден полициясымен бірлесіп, сондай-ақ Ресей, Беларуссия, Литва, Польша және Нидерланды құқық қорғау және кеден қызметтерінің көмегімен өткізген халықаралық арнайы операция нәтижесінде тәркілеген.
Осылайша, 2019 жылдың қазан айында Қазақстан аумағына «өңделген мәрмәр» деген атаумен жүк әкелінді. Нидерландыға жөнелтілген тауарды тексеру кезінде тергеушілер героин бар 2208 брикетті анықтады. Ұйымдасқан қылмыстық топ есірткі транзитін Ираннан ЕуроОдақ елдеріне өткізуді жоспарлаған.
Аталаған есірткінің бір бөлігі Германияға жеткізілді, мұнда тауарды өткізу кезінде Түркия елінің азаматтары ұсталған болатын.
Қазіргі уақытта аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 286-б. 4-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде (есiрткi, психотроптық заттармен, сол тектестермен байланысты айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың аса iрi мөлшерде жасалған контрабандасы).