12.01.2021, 00:50
Оқиғалар
Өскеменде көлік қаққан жаяу жүргінші мерт болды
Жаяу жүргінші жедел жәрдем көлігі жеткенше оқиға орнында көз жұмды
Шығыс Қазақстан облысында көлік қаққан әйел оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy обыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 11 қаңтар күні таңғы сағат жетілер шамасында болған.
28 жастағы азамат «ГАЗель» маркалы автокөлікпен 19-шы шағынаудан жақтағы жаңа айналма жолмен 23-ші шағынауданға қарай келе жатып, 50-60 жас шамасындағы әйелді қағып кеткен.
«Жаяу жүргінші жедел жәрдем көлігі жеткенше оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Қайтыс болған адамның жеке басы анықталуда», – делінген хабарламада.

Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды