ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Алматыда көлік айнасын ұрлаумен айналысқан күдікті қылмыс үстінде қолға түсті

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

фото: polisia.kz

Тергеу барысында анықталғандай, бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет сотталған 30 жастағы Р. есімді азамат қымбат көліктердің айнасын ұрлаумен айналысқан. Бұл жолы қылмыскердің әрекетінен 54 жастағы әйел зардап шекті.

З. есімді азаматша белгісіз біреудің Төлебаев көшесінде тұрған қымбат автокөлігінің айналарын алып тастағаны туралы полицияға хабарласып, қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылған.

«Камераның көмегімен күдікті тез анықталды. Ол - бұрын осындай қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 1990 жылы туған Р.есімді азамат. Іздестіру іс-шаралары барысында оның автокөлік айналарын ұрлау бойынша 10 эпизодқа қатысы бары дәлелденді», – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, заттай дәлелдемелер (ұрланған айна) тәркіленді.