08.01.2021, 15:28
Оқиғалар
Алматылық жасөспірім анасын өлтірді деген күдікке ілінді
Алдын ала мәлімет бойынша, баланың психикалық ауытқуы бар
көрнекі фото
Алматыда жасөспірім анасын өлтірді деген күдікке ілінді. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2005 жылы дүниеге келген – кәмелет жасқа толмаған бала жасөспірім жанжал кезінде анасына бірнеше рет пышақ сұққаны анықталды. Салдарынан әйел қайтыс болды.
Алматы полицейлері күдіктіні қала орталығында жалаңаяқ жүрген және оғаш мінез көрсеткен жерінен қамауға алды. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімнің психикалық ауытқуы бар.
Оқиға 8 қаңтарға қараған түні Алмалы ауданында болған. Қазір кәмелетке толмаған баламен психологтардың көмегімен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
05.09.2026, 06:33
Әкім орынбасары мен тағы 9 қазақстандық шенеунік прокуратура тексерісінен кейін жазаланды
05.09.2026, 08:29
Маңғыстауда пойызға отыру кезінде жолаушы қайтыс болды
05.09.2026, 07:21
Жылы, жауын-шашынсыз: 5 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
05.09.2026, 23:19
Динара Сәтжан Астанада ұлына дүркіретіп той жасады (ВИДЕО)
05.09.2026, 16:05
СҚО-да зейнеткер 89 жастағы анасын балталап өлтірген