$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.01.2021, 15:52
Оқиғалар

Павлодарда зейнеткер жылу магистралінінің шұңқырына түсіп кетті

Зардап шеккен тұрғынның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр

Павлодарда зейнеткер жылу магистралінінің шұңқырына түсіп кетті
фото: pavlodarnews.kz

Павлодарлық әйел жылу магистралінің шұңқырына құлап, қатты күйік шалды. Сол кезде Назарбаев даңғылы мен Шөкин көшесінің қиылысында жылу жүйелерінің жарылуына байланысты жөндеу жұмыстары жүріп жатқан.

«63 жастағы қала тұрғыны өзінің абайсыздығынан жылу магистралінің шұңқырына түсіп кетті. Ол жерде ыстық судың жетіспеуін жою мақсатында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан», - деді облыстық полиция департаментіндегілер.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында айтылғандай, зардап шеккен тұрғынның жағдайы ауыр деп бағалануда. Қазір әйел №1 қалалық ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр. Денесінің 45%-ын күйік шалған.

Естеріңізге сала кетейік, Назарбаев даңғылы мен Шөкин көшесінің қиылысында диаметрі 129 мм болатын құбырдың жарылуына байланысты көпқабатты 9 үй, 2 жеке үй және 5 ұйым ыстық су мен жылудан ажыратылды. Ақау 7 қаңтарда сағат 20:10-да қалпына келтірілді.

Серіктес жаңалықтары