$ 541.19  636.44  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.11.2019, 15:44
Оқиғалар

Қостанайда үш көлік соқтығысып, екі адам қайтыс болды

Оқиға бүгін «Алматы-Екатеринбург» тасжолында болған

Қостанайда үш көлік соқтығысып, екі адам қайтыс болды
Фото: ашық дереккөзден

«Алматы-Екатеринбург» тасжолындағы жол апатынан 2 адам көз жұмып, тағы бірнеше адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға бүгін сағат 11:30 шамасында Әулиекөл ауданында болды.

«23 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны мінген «Датсун» көлігі жолдан шығып кетіп, қарсы бағыттағы «Хонда» машинасына соқтығысқан. Одан әрі «Газель» автокөлігі «Датсун» көлігін соқты. «Газельді» 26 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны басқарған», - делінген ақпаратта.

Датсун» көлігіндегі 1999 және 1973 жылы туған жолаушылар көз жұмды. Тағы үш адам Әулиекөл аудандық орталық ауруханасына жеткізілді, - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен («Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу») сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары