Павлодарда ер адам ыстық суға күйіп өлді
Ол тұрғын үйдің жертөлесінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан

Ақсу қаласында жөндеу жұмыстары кезінде слесарь-сантехник қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Павлодар облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
«24 қараша күні сағат 13:15-те Әуезов көшесіндегі үйдің кіреберісіндегі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде 60 жасар слесарь-сантехник ыстық суға күйіп, күйік салдарынан оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады Полиция департаментінен.