Петропавлда 5-қабаттан құлаған балаға ота жасалды

Баланың жағдайы өте ауыр, ес-түссіз жатыр

Петропавлда 5-қабаттан құлаған балаға ота жасалды
Фото: inform.kz

Петропавлда 5-ші қабаттан құлаған балаға ота жасалды. Сәбидің бас сүйегі мен миына ауыр зақым келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«24 қараша күні облыстық балалар ауруханасына 4,5 жастағы бала жеткізілді. Ол биіктіктен құлағандықтан, бас сүйегі сынған, миы зақымданған. Емдеу мекемесіне түскен кезде жағдайы өте ауыр болды. Сондықтан жан сақтау бөліміне жатқызылды. Шұғыл ота жасалды. Бас сүйегі талқандалған. Нерохирургтар сүйек сынықтарын алып тастады. Баланың жағдайы өте ауыр. Ес-түссіз жатыр. Жасанды жолмен тыныс алу аппаратының көмегімен демалады.  Қажетті реанимациялық, медициналық  көмектің барлығын жасап жатырмыз», - дейді Солтүстік Қазақстан облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Олег Завьялов.

Сонымен қатар, баланың өкпесі зақымданған. Дәрігерлер қандай да бір болжам айтудан бас тартты.

Бұл жыл басынан бері тіркелген төртінші оқиға. Оның барлығы қайғылы аяқталған. Ал 2017 жылдың ақпан айында Петропавлда 5-ші қабаттағы пәтердің терезесінен секіріп кеткен 6 жасар бала дін аман қалған еді. Қалың қарға түскен тентектің еш жері сынбаған.

Бұған дейін Петропавлда 4,5 жасар баланың 5-қабаттан құлағанын хабарлаған болатынбыз.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.