24.11.2019, 15:43
Жаңалықтар
Петропавлда бесінші қабаттан құлаған бала ауыр халде жатыр
Бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Петропавлда төрт жасар бала бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға түске қарай Амангелді көшесінің бойында болған.
«Бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Оның қалай құлағаны анықталуда», - деді баспасөз қызметінің өкілдері.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бала өте ауыр халде жатыр. Бұл жыл басынан бері болған төртінші оқиға. Бұған дейін терезеден құлаған балалар қаза тапқан еді.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
