Рудный қаласында өрт шыққан үйден 8 бала эвакуацияланды

Тағы 23 адам өздері эвакуацияланды

Рудный қаласында өрт шыққан үйден 8 бала эвакуацияланды

26 желтоқсанда сағат 15:32-де Рудный қаласындағы Сандригайло көшесі, 57 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына құрамында 3 бірлік өрт сөндіру техникасы бар 13 адам шықты.

Құтқарушылар келген кезде кіреберісте қатты түтін шығып жатқаны анықталды. 9 қабатты тұрғын үйде 5 шаршы метр алаңда терезе жақтауы мен қоқыс жанып жатты.

«Өрт орнынан 8 бала қауіпсіз жерге шығарылды, тағы 23 адам өздері эвакуацияланды. Өрт сағат 16:02-де сөндірілді. Өрттің алдын ала себебі - отты абайсыз қолдану», - делінген хабарламада.

27 желтоқсанда сағат 17:00-де Рудный қаласы, Ленин көшесі, 42 бойынша өрт туралы хабарлама келіп түсті. Пәтерде 2 шаршы метр аумақты қамтитын жиһаз жанған. Өртті сөндіру барысында 4 ересек адам мен 1 бала эвакуацияланды. Өрт сағат 17:24-те сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.