13.12.2020, 04:28
Оқиғалар
Жамбыл облысында жыл басынан бері өрттен 11 адам қаза тапқан
Облыста 654 өрт оқиғасы тіркелген
Фото: ашық дереккөзден
Жамбыл облысында жыл басынан бері 654 өрт оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 11 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТЖ департаментіне сілтемк жасап
Осы жылдың 11 айында облыста 11 адамның өмірін жалмаған 654 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл оқиғалар барысында 8 адам жарақат алыпты. Жалпы материалдық шығын 89 миллион 8 мың теңгені құраған.
биыл өрт саны 6 пайызға азайған. Алайда, қаза тапқандар саны 1,8 есеге, жарақаттанған адамдар саны 30 пайызға, ал, улы газдан қаза болғандар саны 2 есеге ұлғайған.
1 қыркүйектен бастап бүгінге дейін тұрғын үй секторында 181 өрт орын алды десек, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30 пайызға артық. Қаза болғандар саны да 7 жағдайға өскен.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты