13.12.2020, 05:43
Оқиғалар
Таулы Қарабақта тағы атыс болды
Әзербайжан тарапы жағдайға қатысты түсініктеме бермеді
Фото: ашық дереккөзден
Таулы Қарабақтың қорғаныс әскері жақында әзербайжандық әскерилер олардың бекетіне шабуыл жасамақ болды деп мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«11 желтоқсанда сағат 20:40-та қарсы жақ оңтүстік бағыттағы әскери бекетке шабуыл жасамақ болды. Екі тарап арасындағы текетірес салдарынан үш армениялық әскери жараланды», - делінген хабарламада.
Әзербайжан тарапы жағдай туралы түсініктеме бермеді.
Айта кетейік, Таулы Қарабақтағы әскерилердің бірнеше айға созылған жауынгерлік әрекеттері 9 қарашада тоқтатылған еді.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)