Оралда мәйітпен бірге 4 күн өмір сүрген зейнеткер қайтыс болды
Людмила Кирильчева қонақ үйде көз жұмған
Клинингтік компаниялардың бірі қайырымдылық ретінде Людмила Кирильчиваның пәтерін жинаған, зейнеткерді өз иеліктеріндегі қонақүйлердің біріне уақытша орналастырған. Кейуана сол жерде дүние салыпты.
Клинингтік компания жетекшісі Аман Климов зейтенкер қонақ үй бөлмесінде өлі күйінде табылғанын жеткізді.
«Әжей түнде су ішу немесе дәретханаға бару мақсатында төсектен тұрған болуы мүмкін. Аяғы тайып, кафельге баспен құлаған. Алған жарақаттан көз жұмған сияқты», - дейді Аман Климов.
Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті 10 қазақ күні Орал қаласындағы қонақ үйлердің бірінде 77 жастағы әжейдің мүрдесі табылғанын атап өтті.
«Қараған кезде адам қолынан өлмегені көрініп тұр. Сондықтан, мүрдені ашқан жоқпыз», - деді ведомстводағылар.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Орал қаласында зейнеткер өз құрбысының мүрдесімен бірге 4 күн бойы бір пәтерде өмір сүргенін хабарлаған болатынбыз.