06.12.2020, 23:34
Оқиғалар
Павлодарда гараждағы көлікті мініп кеткен тұрғын ұсталды
Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Павлодарда гараждағы көлікті мініп кеткен тұрғын ұсталды. Өтініш берушіге келтірілген залал 300 000 теңгені құрады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
«2 желтоқсанда полицияға қала тұрғынынан белгісіз адамның көлікжайдан «ГАЗ-3110» маркалы көлігін айдап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ұрланған көлік табылды», - деп жазылған ақпаратта.
Қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция ұрлықтың алдын алу үшін қауіпсіздік жүйесін қосып, барлық есіктер жабық екеніне көз жеткізуге кеңес береді.
Көп оқылған
17.08.2026, 13:34
«Барни» үшін күйеуі соққыға жыққан»: Жамбылда 19 жастағы жүкті келіншектің өлімі тергеліп жатыр (ВИДЕО)
18.08.2026, 10:42
«Денесінің сау тамтығы жоқ»: «Барни» үшін құрбан болды деген келіншекке қатысты сұмдық мәлімет жарияланды
17.08.2026, 09:42
Абай облысында қаны тоқтамай жатқан баланы полицейлер ауруханаға 12 минутта жеткізді