07.12.2020, 00:48
Оқиғалар
Жамбыл облысында 100-ге жуық үй құсы өртеніп кетті
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр
Фото: баспасөз қызметінен
Жамбыл облысында база өртеніп, 98 үй құсы өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Жамбыл облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Үй құстарын ұстайтын базаның шатыры өртенген. Жалпы ауданы 840 шаршы метр болатын базаның 470 шаршы метрі отқа оранған. Өрт салдарынан база шатыры және 98 үй құсы қырылып қалды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен келтірілген материалдық шығын анықталып жатыр», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
17.08.2026, 13:34
«Барни» үшін күйеуі соққыға жыққан»: Жамбылда 19 жастағы жүкті келіншектің өлімі тергеліп жатыр (ВИДЕО)
18.08.2026, 10:42
«Денесінің сау тамтығы жоқ»: «Барни» үшін құрбан болды деген келіншекке қатысты сұмдық мәлімет жарияланды
17.08.2026, 09:42
Абай облысында қаны тоқтамай жатқан баланы полицейлер ауруханаға 12 минутта жеткізді