06.12.2020, 17:28
Оқиғалар
Ақтауда жетінші қабаттан секірген ер адам көз жұмды
Оның артынан секірмек болған әйел құтқарылды
Фото: ашық дереккөзден
Ақтауда әйел көпқабатты тұрғын үйден күйеуінің соңынан қоса секірмек болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Лада.kz сайтына сілтеме жасап.
«Ақтаудағы 17-шағын аудандағы үйлердің бірінде 7-қабаттан ер адам құлап түсіп, қайтыс болған. 5 минут ішінде тәртіп сақшылары оқиға орнына жеткен. Пәтерге келген жол полицейлері секірмек болғанын анықтаған», - делінген өңірдің полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Пәтер есігі ашық болды. Инспектор дереу әйелге жүгіріп барып, ең соңғы мезетте оны ұстап үлгерген. Кейіннен әйелдің Маңғыстау облыстық ауруханаға жеткізілгені белгілі болды
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
04.10.2026, 10:30
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
04.10.2026, 13:09
Талдықорғанда әйелін қарумен қорқытқан ер адам ұсталды (ВИДЕО)