06.12.2020, 04:30
Оқиғалар
Оралда бұзақылар такси жүргізушісінің көлігін айдап кеткен
Олар көлікті Атырауда сатып жібермек болған
Фото: ашық дереккөзден
Оралда екі адам таксисті ұрып, көлігін айдап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Оқиға «Жұлдыз» шағынауданында болған. Белгісіз екі адам 24 жастағы таксистке күш көрсетіп, оның «Chevrolet Aveo» көлігін айдап кеткен. Осылайша, оған 1,5 млн теңге зиян келтірген. Осы қылмыс бойынша күдікті ретінде Орал қаласының 21 жастағы екі тұрғыны ұсталып, уақытша оқшаулау изоляторына қамалды», - деп жазылған хабарламада.
Олар автокөлікті Атырауда сатып жібермек болған. Көлік иесіне қайтарылды.
Көп оқылған
17.08.2026, 13:34
«Барни» үшін күйеуі соққыға жыққан»: Жамбылда 19 жастағы жүкті келіншектің өлімі тергеліп жатыр (ВИДЕО)
18.08.2026, 10:42
«Денесінің сау тамтығы жоқ»: «Барни» үшін құрбан болды деген келіншекке қатысты сұмдық мәлімет жарияланды
17.08.2026, 09:42
Абай облысында қаны тоқтамай жатқан баланы полицейлер ауруханаға 12 минутта жеткізді