Тараз тұрғыны сот ғимаратында граната жаратынын айтып шулатты
Оның психоневрология диспансерінде есепте тұрғаны анықталды
Жамбыл облысының Полиция департаменті кезекші бөліміне Тараз қалалық сотының фойесіне ер адам кіріп, сөмкесіндегі гранатаны жарып жіберетінін айтып үрей туғызады, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығына сілтеме жасап.
«Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Жамбыл облыстық психоневрология диспансерінде есепте тұратын 49 жастағы азаматты ұстады. Ұсталған адамның сөмкесінде ешқандай жарылғыш құрылғы, граната және өзге де оқ-дәрі болған жоқ», - деп жазылған хабарламада.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК «Терроризм актісі туралы жалған хабарлама беру» 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті Жамбыл облыстық психоневрологиялық диспансерге орналастырылды.