05.12.2020, 22:20
Оқиғалар
Шымкентте КамАЗ бен 11 көлік соқтығысты
4 адам жеңіл жарақат алды
Фото: otyrar.kz
4 желтоқсанда Шымкенттегі Тәуке хан даңғылы мен Шалғынды көшесінің қиылысында «КамАЗ» жүк көлігі Тәуке хан даңғылындағы бағдаршамда тұрған 11 жеңіл автокөлікпен соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
«ЖКО нәтижесінде 4 азамат жеңіл дәрежеде жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Қазір барлығы үйлеріне қайтарылды. Зардап шеккендер мен ауыр дене жарақаттары жоқ. КамАЗ жүргізушісі көлікті басқара алмай қалғанын айтып түсіндірді. Тәуке хан даңғылының бойында барлық жол белгісі орнатылған, жол жолақтары бар. Жол тегіс. Жол-көлік оқиғасын туындататын себептер жоқ», - деп жазылған ақпаратта.
Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды