Нұр-Сұлтанда мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
Учаскелік инспекторлар оны әкімшілік учаскені аралау кезінде анықтаған
Учаскелік полиция инспекторлары «Ильинка» кентінде Доспамбет жырау көшесіндегі әкімшілік учаскені аралау кезінде иесіз қалған вагонда ер адамды анықтаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Полицейлер тексеру барысында ұсталған 1977 жылы туған адамның қараша айынан бастап шартты сотталған ретінде пробациялық бақылаудан жалтарғаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүргенін анықтаған. Биыл 27 қарашадан бастап сот осы азамат бойынша мемлекетаралық іздеу жариялаған», - делінген хабарламада.
Іздеуге Қостанай қалалық Солтүстік полиция бөлімі бастамашылық еткен. Ұсталған ер адам қамауға алынған және ПД Уақытша ұстау изоляторына орналастырылған.