$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.12.2020, 22:27
Оқиғалар

Түркістан облысында ауылдасының үйін көзінше тонап кеткен азамат ұсталды

Ішімдік үшін ақша сұраған азамат үй иесіне күш қолданып, бағалы заттарын алып кеткен

Түркістан облысында ауылдасының үйін көзінше тонап кеткен азамат ұсталды

Сарыағаштық полицейлер тонау қылмысын жасаған күдіктіні ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сарыағаш АПБ-не арызданып келген жергілікті тұрғын үйіндегі сандықтың ішінде тұрған түрлі-түсті маталарын танысының күш қолданып алып кеткенін айтқан.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгеден асқан. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіледі.

Қылмысты ашу және күдіктіні ұстау мақсатында Сарыағаш АПБ-нің тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер оқиға орнын тыңғылықты тексеріп, куәгерлерден сұрастырып, жақын аралықтағы аумақтарды көріп шықты. Тексеру нәтижесінде полицейлер күдікті ер азаматты өз үйінен ұстады.

«Тәртіп сақшыларының анықтауынша, күдікті жәбірленушінің үйіне мас халде кірген. Содан соң үй иесінен ішімдік үшін ақша сұраған. «Ақша жоқ» деген жауап алған тәртіп бұзушы аразданушыға күш қолданып, бағалы заттарын алып қойған. Күдікті тұрғынның үйінен заңсыз алынған заттар тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды. Ол өз кінәсын толық мойындады. Қазіргі таңда күдікті қамауда», - делінген хабарламада.

 
Серіктес жаңалықтары