01.12.2020, 18:15
Оқиғалар
БҚО-да бір апта бұрын жоғалған тұрғынның денесі табылды
Ол 25 қарашада үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, содан оралмаған
Фото: ашық дереккөзден
Батыс Қазақстан облысында жоғалған ер адамның денесі өзеннен табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Оқиға Қазталов ауданы Жалпақтал ауылында болды. Жедел құтқару жасағы 30 қараша күні сағат 18.16-дан бастап 46 жастағы ер адамды Қараөзеннен іздестіру жұмыстарын жүргізді. Ол 25 қарашада үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, содан оралмаған», - деп жазылған хабарламада.
Сағат 19.05-те аталған ер адамның денесі табылып, судан шығарылды.
Көп оқылған
12.07.2026, 15:48
Ақтаудағы қалың тұман салдарынан ұшақтар Атырау әуежайына қонды
12.07.2026, 06:26
2026 жылғы әлем чемпионатына қатысқан футболшы өлі күйінде табылды
Бүгін, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
12.07.2026, 07:29
12 шілдеге арналған ауа райы болжамы