$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.11.2020, 16:21
Оқиғалар

«Жағдайы хәл үстінде»: дәрігерлер ұшақта денсаулығы нашарлаған балаға қатысты пікір білдірді

Кеше Ақтаудан Ыстамбұлға бет алған жолаушылар ұшағы Ақтау әуежайына қайта оралуға мәжбүр болды

«Жағдайы хәл үстінде»: дәрігерлер ұшақта денсаулығы нашарлаған балаға қатысты пікір білдірді
Фото: ашық дереккөзден

Ұшақ бортында өзін нашар сезінген бала өте ауыр хәлде жатыр. Дәрігерлер сәбиді бірден жасанды тыныс алдырту аппаратына қосты. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Маңғыстау денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Жедел жәрдем бригадасы сәбиді тез арада Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізді. Кезекші реаниматолог қабылдау бөлмесінде пациентті қарап шыққан соң, ол анестезиология және интенсивті терапия бөлімшесіне жатқызылды. Дәрігерлер балаға «өткір екіжақты пневмония, ауыр түрі» деген диагноз қойды», - делінген хабарламада.

Алты айға да толмаған сәби ауруханаға өте ауыр хәлде түскен. Дәрігерлер оны жасанды тыныс алу аппаратына қосты.

«Жүргізіліп жатқан реанимациялық шараларға қарамастан бала хәл үстінде жатыр, жағдайы тұрақсыз, денесі құрысып қалады», - деп толықтырды баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, Ақтаудан Ыстамбұлға бет алған жолаушылар ұшағы Ақтау әуежайына қайта оралуға мәжбүр болды. Бортта сәбидің жағдайы нашарлап кеткен.

Серіктес жаңалықтары