$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.11.2020, 18:07
Оқиғалар

Алматыда 5 млрд теңгеге салынған инфекциялық аурухана қыстың алғашқы ызғарына шыдамады

Әкімдік бұл жағдайға қатысты жауап әзірлеп жатыр

Алматыда 5 млрд теңгеге салынған инфекциялық аурухана қыстың алғашқы ызғарына шыдамады

Алматыда бюджеттің 5 миллиард теңгесіне салынған инфекциялық аурухана қарашаның алғашқы аязына төтеп бере алмады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Медициналық мекемені басқа жерге ауыстыру туралы хабарлама әлеуметтік желіге жарияланды. Дереккөздің хабарлауынша, Алматыдағы медициналық мекеме қараша айындағы алғашқы аязға жарамаған. Енді қала басшылығы барлық науқасты, жеке құрам мен қымбат жабдықтарды тасымақ. Естеріңізге сала кетейік, 18 күнде салынған аурухана ғимараты 280 орынға, оның 28-і жансақтау бөліміне арналған. Жалпы ауданы 5850 шаршы метрді құрайды.

«Аурухана 2020 жылдың сәуірінде COVID-19 пандемиясының бірінші толқыны кезінде тұрғызылды. Алматыда жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы 5 миллиард теңгені құрады», - деп жазылды желіде.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі Azattyq Rýhy агенттігіне бұл мәселеге қатысты толыққанды түсініктеме беретінін айтты. Еске салайық, модульдік аурухананы BI Group компаниясы 18 күнде салған болатын. Бұған дейін медициналық мекеменің барлық халықаралық талаптарға сай екендігі хабарланған болатын.

Әзірге модульдік ауруханаға қатысты әкімдіктің жауабы мынадай:

«Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің ресми түсініктемесі: И.Жекенова атындағы қалалық клиникалық инфекциялық аурухананың жаңа филиалы РВ-90 аумағында тұрғызылды және 30.11.2020 бастап жұмысын бастады. Ғимаратта тұрғындарға да, емделушілерге де барлық жағдай жасалған, мұқият салынған. Модульдік клиника толыққанды өңдеуді қажет етеді, өйткені оның жұмыс істеп тұрғанына жарты жыл болды».

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары