$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.11.2020, 10:41
Оқиғалар

Ақтаудан Ыстамбұлға бағыт алған әуе рейсі 1,5 сағаттан соң әуежайға оралуға мәжбүр болды

Ұшу кезінде кәмелет жасқа толмаған жолаушының денсаулығы нашарлаған

Ақтаудан Ыстамбұлға бағыт алған әуе рейсі 1,5 сағаттан соң әуежайға оралуға мәжбүр болды

Ақтау – Ыстамбұл бағытында ұшқан жолаушылар ұшағы арада бір жарым сағат өткен соң әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды. Бұл жағдайға ұшақтағы жолаушылардың бірінің денсаулығы нашарлауы себеп болған.

«Ұшу кезінде жолаушылардың біреуі өзін нашар сезінді, ұшақ командирі әуежайға оралу туралы шешім қабылдады. Ақтауға оралған соң жолаушыға медициналық көмек көрсетіліп, қажетті барлық процедура аяқталғаннан кейін рейс қалпына келтірілді», - деп хабарлайды SCAT компаниясы.

Әуе кемесі Ақтау қаласынан шамамен сағат 21:00-де ұшып шыққан, 1,5 сағаттан кейін әуежайға қайта оралып, сағат 23:45-те қонған.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері бұл ақпаратты растап, ұшу барысында кәмелет жасқа толмаған жолаушының денсаулығы нашарлағанын нақтылады.

Серіктес жаңалықтары