ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2,4 мың адамнан коронавирус анықталды

Алматы әуежайында төбелес шығарған жолаушының мас болғаны анықталды

Көліктегі полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді

23 қараша күні Алматы халықаралық әуежайының күту залында мас жолаушы барменнің ескертуіне дөрекі жауап беріп, жанжал басталған. Куәгерлердің айтуынша, оқиға сағат 23:00 шамасында болған. Алматы – Ақтау рейсінің мас жолаушысы барда ұйықтап қалып, оны бармен оятқан кезде жанжал басталған.

Ішкі істер министрлігі Көліктегі полиция департаменті әлеуметтік желілерде тараған видеоға қатысты түсінік беріп, медициналық тексеріс кезінде жолаушының орташа дәрежеде мас болғаны анықталғанын жеткізді.

«Алматы – Ақтау бағытындағы әуе рейсінің жолаушысы (31 жаста) күту залындағы бар орындығында ұйықтап қалған. Оны бармен (30 жаста) оятқан кезде, жолаушы жанжал шығарып, бейәдеп сөздер айтқан. Жанжалдың соңы төбелеске ұласқан. Сосын бұл жағдайға күту залындағы басқа да жолаушылар араласып, ажыратып алған», - делінген хабарламада.

Қазір осы оқиға байланысты ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігіне сәйкес (бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу басталды.