ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 1 480 адам коронавирус жұқтырды

Көкшетауда жатақханадан өрт шығып, 40 адам құтқарылды

Өрттен зардап шеккендер болған жоқ

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Көкшетауда бес қабатты жатақхана үйінде өрт шығып, 40 адам құтқарылды. Олардың 25-і балалар болған. Өрттен зардап шеккендер болған жоқ. Бұл туралы Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Тілсіз жауды сөндіруге ТЖД-ның 27 қызметкері мен 8 техника жұмылдырылған.

«Өрт 20 минут ішінде толықтай сөндірілді. Өрттің бірінші қабаттағы бөлмелердің бірінен басталғаны анықталды. Онда үй иелерінің киімдері мен жиһазы өртенген. Құтқарушылар барлық бөлмені тексеріп шықты. Кешкі уақыт болғандықтан, адамдар түтін иісін сезгендіктен сыртқа шығып үлгеріпті. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Әсіресе, электр желілері мен құрылғылардың қысқа тұйықталуынан өрт шығады. Жекеменшік үйлерде пештің уақытында дұрыс тазаланбауы да өрт шығып, қайғылы оқиғалардың орын алуына әкеліп соғып жатады. Көп жағдайларда адамдар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудың және өз мүліктеріне ұқыпсыз қараудың салдарынан тұтанады. Тұрмыстағы өрттің негізгі себептері ең алдымен отты дұрыс қолданбау, электр құралдарының ақаулығы, үй ішінде темекі шегу, жылытқыш құралдар мен пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы болып табылады. Сондықтан, өрттің алдын алу үшін ең бастысы қарапайым қауіпсіздік ережелерін естен шығармаған жөн. Өрт қауіпсіздігі туралы ережелерді біздің @aqmola_tjd жеке парақшадан да танысуға болады», - дейді Көкшетау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Әсет Жақсылықов. 

Төтенше жағдайлар департаметі көп жағдайда өрт қауіпсіздік ержелерін сақтамау салдарынан шығатынын хабарлады.

Абзал Алпысбайұлы, Ақмола облысы