$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.11.2020, 10:31
Оқиғалар

Үйінде есірткі өндірген СҚО тұрғыны ұсталды

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр 

Үйінде есірткі өндірген СҚО тұрғыны ұсталды

Солтүстік Қазақстан обысы Тайынша ауданына қарасты Липовка ауылының тұрғыны үйінде есірткі жасаумен айналысқан. Полицейлер тінту барысында аңшы мылтығы мен кептірілген қара сора сақталғанын анықтады. Күдікті есірткіні өзі тұтыну үшін жасағанын айтып ақталмақ болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

Тайынша ауданы ПБ Келлеровка поселкелік полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Виктор Пшеничный және Тайынша ауданы полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Олжас Балтабай Липовка ауылында есірткі заттарымен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу фактісін анықтады.

Екі түйіншек, үш сіріңке қорабы, өсімдік сабақтары, жарты стакан ерекше иісі бар өсімдік заты, сондай-ақ ысталған пластик бөтелке – бұның барлығы жалғыз тұратын 61 жастағы бақташының үйінде табылған. Сондай-ақ, сол жерден «ИЖ-27» маркалы аңшы мылтығы және 16 калибрлі патрондар бар. 

«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде аудандық және қалалық учаскелік полиция инспекторлары барлық елді мекендерді тексеруде. Полицейлер тұрғылықты жерлері бойынша барлық есепте тұрған тұлғаларды тексеруді жоспарлап отыр. 

Тайынша ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Нұрлыжан Ақтановтың айтуынша, ер адам Липовка ауылына мал бағуға жуырда орналасқан. Ол бұрын есірткі қылмыстарын жасағаны үшін жауапқа тартылған. Жабайы өсетін қарасораны шегу мақсатында  жинап алып, дайындаған. Нәтижесінде заттар мен мылтық алынып, сот-химиялық, баллистикалық сараптамаларға жіберілді. Есірткі заттарымен өткізу мақсатынсыз жұмыс істеу фактісі ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тергеу жүргізілуде. 

Жыл басынан бері СҚО полицейлері заңсыз айналымнан 400 кг астам түрлі есірткі затын тәркіледі. Оның 350 кг астамы марихуана, 1кг 690 грамм – синтетикалық есірткі, сондай-ақ 372 грамм героин. «Учаске» іс-шарасы аясында полицейлер 180 мыңнан астам тексеріс жүргізіп, 9302 түрлі құқықбұзушылықты анықтады.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары