17.11.2020, 10:48
Оқиғалар
Алматыда жалған 800 мың доллар сату дерегі анықталды
Күдікті бірнеше рет 100 долларлық жалған ақша сатқан
Қаржы мониторинг комитетінің баспасөз қызметі Алматыда жалған 800 000 АҚШ долларын сату дерегі анықталғанын хабарлады.
Комитеттің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті 100 АҚШ доллары номиналындағы жалпы сомасы 293 200 АҚШ долларын құрайтын 2 932 дана жалған шетел валютасын бірнеше рет сату фактісі бойынша Алматы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Сонымен қатар, күдікті жалған 600 000 АҚШ долларын сату үшін сақтаған.
Күдікті азаматқа қатысты соттың санкциясымен қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген