$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.11.2019, 00:56
Оқиғалар

Көкшетауда дүкеншіні соққыға жығып, ақшаны алып кеткен күдікті ұсталды

56 жастағы зардап шегушінің сөзінше, күдіктілердің бірі оны сөзбен алдап тұрғанда, екіншісі ауыр затпен басынан ұрып есінен таңдырған

Көкшетауда дүкеншіні соққыға жығып, ақшаны алып кеткен күдікті ұсталды

Көкшетауда дүкен тонаған екі адамның бірі ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 қарашада түнгі сағат 22:00-де Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне қарақшылық шабуыл туралы ақпарат түскен.

Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы Абылай хан даңғылындағы азық-түлік дүкенінің сатушысына қарақшылық шабуыл жасағанын анықтайды. Дүкенге бейнебақылау камерасы орнатылмаған екен. Тәртіп сақшылары зардап шегуші мен куәгерлерден сұрастыра келе, күдіктілердің екеу болғанын анықтаған. 56 жастағы зардап шегушінің сөзінше, күдіктілердің бірі оны сөзбен алдап тұрғанда, екіншісі ауыр затпен басынан ұрып есінен таңдырған.

Осы кезде күдіктілер кассадағы ақша үптеп, оқиға орнынан ізін суытады.

«Жедел-іздестіру шарасы кезінде жедел басқару орталығындағы бейнебақылау камерасының көмегімен күдіктілердің бірі Көкшетау қаласының 19 жастағы тұрғыны ұсталды. Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК-нің 192-бабы бойынша (қарақшылық) із қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - дейді ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Көкшетау #ұры