ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 999 адамнан коронавирус анықталды

Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Жол апатынан екі адам қаза тауып, екі адам жарақат алған

Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, екі адам жарақат алған, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты Алакөл ауданының орталығы Үшарал қаласының көшелерінің бірінде болған. 18 қараша күні таңертең «БМВ-530» автокөлігі жол шетіндегі ағашқа соғылған.

«Жол апаты салдарынан 23 жастағы көлік жүргізушісі мен оның бір жолаушысы қаза тапты. Тағы екі жолаушы түрлі дене жарақатымен Алакөл аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Апаттың себебі тергеу барысында анықталатын болады», - делінген хабарламада.

Облыстық полиция өкілдері күннің күрт суытып, ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерге көлік дөңгелектерін қысқы автошинаға ауыстыру керек екенін, сол арқылы жол апатының алдын алуға болатынын еске салады.