Полиция 5 сағат сыртта күтті: Павлодарда караоке-бардан 35 адам бөлімшеге жеткізілді
Мекеме әкімшілігі есікті таңғы сағат 3.30-да ғана ашқан
Аталған факт бойынша мекеме иесін жауапкершілікке тарту үшін материал Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі сапасын бақылау басқармасына жіберілді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
«Демалыс күні сағат 22.30-да полицияға қаладағы Астана көшесі, 16/2 мекенжайындағы караоке-бардың жұмыс істеп тұрғаны туралы ақпарат келіп түсті. Мекеменің ішіндегілер құлыптап жауып алып, тәртіп сақшыларына есікті ашпай қойған. Бардың жанында полицейлер келушілердің шығуын 5 сағат күтуге мәжбүр болды, ал әкімшілік таңғы 3.30-да ғана мекемені ашты», - дейді облыстық ПД баспасөз қызметінде.
Жеке тұлғаларды тексеру және анықтау үшін полиция бөліміне 28 келуші мен 7 бар қызметкері жеткізілді.
«Демалыс күні 8 заңбұзушылық анықталды. Сағат 21.40-та Малайсары батыр көшесіндегі қаланың лаундж-барларының бірі жұмыс істеген. Мұнда келушілер кальян шегіп, 30-дан астам адамның қатысуымен би кешін өткізген. Кальян шеккен клиенттерге қатысты ҚР ӘҚБК 441-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады. Мекеме әкімшісі кальян тұтынуға жол бергені үшін ҚР ӘҚБК 441-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша материалдар жинақталып, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды», - деді департамент өкілдері.
Тәртіп сақшылары азаматтарға мониторинг топтарымен карантин режимін бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыс жалғасып жатқанын еске салады. Сондай-ақ, барлық санитарлық нормаларды сақтауға кеңес береді.