Елордада төбелес кезінде Дулат Ағаділдің ұлы қайтыс болды

Ж. Ағаділов пышақ жарақатын алған

Елордада төбелес кезінде Дулат Ағаділдің ұлы қайтыс болды
Көрнекі фото: ашық дереккөзден

10 қараша күні сағат 22:56-да Нұр-Сұлтан қаласы Көктал ықшамауданындағы «Болашақ» көшесінде жаппай төбелес болғаны туралы «102» пультіне хабарлама келген. Полиция қызметкерлері оқиға орнына барып, жастар арасында жанжал болып, соңы төбелеске ұласқанын анықтады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полици департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Төбелес нәтижесінде екі адам жарақат алған. Жарақат алғандардың бірі – 17 жастағы Ж. Ағаділовке пышақ салған. Ол жедел жәрдем келген кезде қайтыс болды.

«Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі және 293-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір жанжалға қатысқан барлық тарапты анықтау бойынша және ұсталғандарға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу нәтижесі бойынша әрқайсысының әрекетіне заңды баға беріледі», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, төбелес кезінде жарақат алып, мерт болған Жанболат Ағаділ – 2020 жылдың 25 ақпанында уақытша қамау изоляторында қайтыс болған  Дулат Ағаділдің ұлы.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.