$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.11.2020, 10:34
Оқиғалар

Атырауда бір топ құс ұшаққа соғылды

Ұшақ бортында 115 жолаушы болған

Атырауда бір топ құс ұшаққа соғылды
Көрнекі фото: planetravel.ru

Атырау – Нұр-Сұлтан рейсі кезінде биікке көтеріліп келе жатқан ұшаққа бір топ ірі құс соқтығысты, олар қаз немесе үйрек болуы мүмкін. Бұл туралы SCAT әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлайды.

«Әуе кемесінің командирі Иван Карпович ұшу портына оралу туралы шешім қабылдады. Ұшақ штаттық режимде қайта қонды, тұраққа өзі жетті», - делінген хабарламада.

Бортта 115 жолаушы болған, ешкім зардап шеккен жоқ. Рейс тоқтатылып, кейбір жолаушыларға басқа күнге билет берілген. Кейбірінің ақшасы толықтай қайтарылды.

Компания өкілдері қазіргі уақытта құс мәселесі өте өзекті екенін әрі шешілмей жатқанын айтып өтті.

«Әуе кемесінің командирі Иван Карповичтің тәжірибелігі және экипаждың бірлескен жұмысы арқасында ұшақ штаттық режимде қонды. Әуе компаниясы ұшқышты медальге ұсынуды жоспарлап отыр», - деп хабарлайды SCAT компаниясындағылар.

 

Серіктес жаңалықтары