11.11.2020, 10:27
Оқиғалар
Атырауда браконьерден 130 келіден астам бекіре тұқымдас балық тәркіленді
Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды
Фото: ашық дереккөзден
Атырау облысында ұсталған азаматтан жалпы салмағы 130 келіден астам бекіре тұқымдас балық тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Департаменттің Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Жайық өзенінің жағасында ұсталған азаматтан жалпы салмағы 136.7 келі болатын 41 дана бекіре тұқымдас балық тәркіледі.
Исатай ауданының 27 жастағы тұрғынына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы (Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Көп оқылған
11.08.2026, 10:40
«Кінәсіз»: Қаскелеңде күйеуін пышақтап өлтірген жүкті әйел сот залында босап шықты
11.08.2026, 11:17
Ақмола облысының тас жолындағы сұмдық апат: екі адам қаза тауып, сегізі ауруханаға түсті
11.08.2026, 09:25
Боқтап, полицияға бағынбаған: БҚО-да жас жігіт бір айға жуық уақытын қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
11.08.2026, 16:31
«Жол бермеді» деп жүргізушіні ұрып жыққан: Алматыда жолдағы жанжал қылмыстық іске ұласты (ВИДЕО)
11.08.2026, 14:17
5 млн теңге алимент төлемеген: Астана тұрғыны екінші рет сотталды