$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.11.2020, 11:50
Оқиғалар

Биыл 96 келі синтетикалық есірткі тәркіленген

Соңғы 10 айда полиция заңсыз есірткі саласында 1950 қылмысты анықтады

Биыл 96 келі синтетикалық есірткі тәркіленген
Фото: ашық дереккөзден

Соңғы 10 айдағы есеп бойынша, 96 кг синтетикалық есірткі тәркіленді, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 5,1 келі, яғни, 10 есе артық. Бұл туралы Есірткіге қарсы күрес департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Тілеген Маткенов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«1950 қылмыстың ішінде 1123 өткізу және 87 контрабанда фактісі анықталды. Тәркіленген есірткінің көлемі 3 тоннаға артты (19,5 - тен 22,5 т-ға дейін), оның ішінде синтетикалық есірткі түрлері 90 кг-нан астам (5-тен 96,1 кг-ға дейін)»,- деді полиция генерал-майоры Тілеген Маткенов.

Айта кетерлігі, 6 ұйымдасқан есірткі тобының қызметі тоқтатылды. 5 көшбасшы жауапкершілікке тартылды.

«Пайдалануға дайын 65 кг астам есірткі және 140 литр прекурсор алынып, 7 есірткі зертханасы жойылды. «Қара нарықта» олардың құны шамамен 1 млрд теңгені құрайды»,- деді генерал-майор.

Есірткінің жаңа түрлерінің 89 атауы және олардың тізбесін Үкімет қаулысымен бекіту құқықтық аймаққа барлық белгілі психобелсенді заттарды енгізуге мүмкіндік берді. Есірткі тарататын 850-ден астам сайт бұғатталды.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары