Өткен аптада 155 киберқылмыс анықталды – ІІМ

Олардың басым бөлігі интернет-алаяқтықтан тұрады

Өткен аптада 155 киберқылмыс анықталды – ІІМ
Фото: ашық дереккөзден

Өткен аптада Ішкі істер министрлігі республика аумағында «Hi-tech» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Бірнеше күн ішінде 155 құқықбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Hi-tech» киберқылмыстардың, соның ішінде интернет-алаяқтықтың алдын алуға және ашуға бағытталған.

«155 құқықбұзушылықпен қатар, бұрын жасалған 161 қылмыс ашылды, олардың негізгі бөлігі интернет-алаяқтықтан тұрады»,- деді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Айта кетерлігі, еркін айналымда тыйым салынған 1000-нан астам өнім тәркіленген. Олар:  контрафактілік дискілер, жазылмаған техникалық құралдар, лицензияланбаған бағдарламалық жасақтама, порнография және басқалар.

Сондай-ақ бір аптада жалпы саны 3398 қылмыс тіркелді. Полицейлер 2204 қылмыстың ізін суытпай ашқан. Оның ішінде 6 адам өлтіру, 48 тонау, 525 ұрлық фактілері әшкере болды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.