09.11.2020, 04:35
Оқиғалар
Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 115 адамға жетті
1 035 адам жарақат алған
Фото: ашық дереккөзден
Түркияның батысында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 115 адамға жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасына (AFAD) сілтеме жасап.
«Жер сілкінісінен 1 035 адам жарақат алған. Оның шінде 1 011 тұрғын медициналық көмек көрсетіліп, қажетті ем-шараны алған соң үйіне жіберілген. 23 адам әлі емделіп жатыр. Измирдегі қираған ғимараттардың бәрінде іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды», - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, 30 қазанда Измирде магнитудасы 6,6 балдық жер сілкінісі болған еді.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)