09.11.2020, 03:53
Оқиғалар
Алматының тау бөктерінде қураған шөп өртенді
Таулы жер болған соң техника өте алмаған
Фото: ашық дереккөзден
Алматының Медеу ауданында қураған шөп өртеніп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
«Өрт сөндірушілер Медеу ауданының «Бұлақ» саяжай серіктестігі маңына жеткен. Бірінші келіп жеткен құтқарушылар халық қоныстанған жеке үйлерге қауіп жоқ екенін анықтады. Өртті жылдам сөндіруге тау бөктеріндегі жүріп тұруға қолайсыз жер, солтүстік-батыстан соққан күшті жел кедергі жасады. Жанып жатқан шөптің биіктігі 1,5 метрге жетеді. Таулы жер болған соң техника өте алмайды, жол жоқ, өртті сөндіру өте қиын, сондықтан өрт сөндірушілер жаяу әрекет етіп жатыр. Оқиға орнында 33 маман жұмыс істеуде», - деп жазылған хабарламада.
Көп оқылған
05.07.2026, 08:29
Алматыда нөсерден кейін көшелерді су басты: коммуналдық қызметтер салдарымен күресіп жатыр (ВИДЕО)
05.07.2026, 06:39
Ұлттық домбыра күнінде Шымкентті әсем әуен тербеп тұрды
05.07.2026, 06:18
Бұршақ, найзағай,+36 градус: 5 шілдеде ауа райы құбылмалы болады
05.07.2026, 08:14
Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық Домбыра күнімен құттықтады
05.07.2026, 14:26
Ақтауда тұрғындар жарты жылдан бері жаңа балалар алаңын күтіп жүр