08.11.2020, 16:49
Оқиғалар
Нұр-Сұлтанда селфи жасамақ болған жігіт көпірден құлап кетті
22 жастағы жігіт өздігінен жағаға жүзіп шыққан
Фото: ашық дереккөзден
Нұр-Сұлтандағы Атырау көпірінде селфи жасамақ болған жігіт Есіл өзеніне құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі елорданың Полиция департаментіне сілтеме жасап.
«7 қарашада полицияға ер адамның Атырау көпірінен секіргені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына келген полицейлер 22 жастағы жігіттің селфи жасап жатқан кезде өзенге құлап кеткенін анықтады. Жас жігіт еш жарақат алмаған және өздігінен жағаға жүзіп шыққан», - деп жазылған хабарламада.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті селфи түсіру кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы ескертіп, экстремалды фотосуреттер өмірге қауіп төндіруі мүмкін екенін айтады.
Көп оқылған
20.08.2026, 10:49
19 жыл бойы жатқан: Алматы тауларындағы мұздықтан табылған альпинистің кім екені анықталды
19.08.2026, 11:54
ШҚО-да экс-сүйіктісін үш ай бойы аңдып, күні-түні маза бермеген ер адам ақыры сотталып тынды
19.08.2026, 16:50
«Жүрегің ауырады»: Бас мүфти Жамбыл облысындағы жас келіншектің өлімінен кейін мәлімдеме жасады
20.08.2026, 00:16
Жаңбыр, бұршақ және аптап ыстық: 20 тамызда дауылды ескерту жарияланды