ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 943 адамнан вирус анықталды

Қарағанды облысында 50 жастағы азаматтың көлігінен қатырылған киік еті табылды

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде

Жезқазғанда жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушінің көлігінен қатырылған киік еті табылды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

21 қазан күні Жезқазған қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері “Браконьер” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында жол жүру ережесін бұзған 50 жастағы азаматтың басқаруындағы автокөлікті тоқтатқан. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 601-бабына (Жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамау) сәйкес хаттама толтырылған. 

Көлікке жүргізілген тексеру барысында автомашинаның жүк салғышынан қатырылған киік еті табылды.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабына (Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 

Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.