Қызылорда облысында жайылып жүрген 700-ге жуық қой өртеніп кетті

Одан бөлек, ұсақ малдар күйіп қалған

Қызылорда облысында жайылып жүрген 700-ге жуық қой өртеніп кетті
фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қызылорда облысының Жаңақорған ауылында жайылып жүрген 700-ге жуық ұсақ мал өртеніп кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

«2020 жылы 21 қазанда сағат 18.50-де Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққорған ауылдық округінің Түгіскен ауылында шамамен 30 гектар болатын шабылған күріш алқабында құрғақ сабан өртенген. Өрт сол күні сағат 21.48-де толық сөндірілді. Өртті сөндіруге ТЖД мен еріктілерден құралған 19 адам мен 5 техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, өрт салдарынан жеке шаруа қожалығына тиесілі жайылып жүрген 700-ге жуық қой өртеніп кеткен. Одан бөлек, күйіп қалған ұсақ мал бар. Олардың нақты саны анықталып жатыр. Оқиға орнында арнайы құрылған комиссия жұмыс істеуде. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.