$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.11.2019, 18:53
Оқиғалар

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болып, жүкті әйел босанып қойды

Жол көлік оқиғасынан бір адам қайтыс болып, кішкентай үш бала жарақат алған

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болып, жүкті әйел босанып қойды

Қайғылы оқиға Павлодар облысы Ақтоғай ауданына қарасты Поляна ауылының іргесіндегі тас жолда болған деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, «ВАЗ-21014» автокөлігі жоғары жылдамдықта келіп, жолдан өтіп жатқан жылқыларға соқтығысқан. Салдарынан көлік алдымен аялдамаға соғылып, кейін жыраға түсіп кеткен.

Апаттан 32 жастағы жүргізуші көз жұмды. Көлікте болған 5, 4 және 2 жастағы оның үш баласы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Ал, марқұмның аяғы ауыр әйелі басынан жарақат алып, омыртқасын сындырып алған. Ауруханаға жеткізілген сәтте дәрігерлер оны босандырып алды. Сәбиінің жағдайы бірқалыпты.

Қазіргі таңда «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қызметкерлері мен полицейлер жылқылардың иесін іздестіріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары